Category Archives: Без рубрики

Жамбыл облысында «Астана.Тәуелсіздік.Рухани жаңғыру» атты ақпараттық поезд аудандарға аттанды

Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана.Тәуелсіздік.Рухани жаңғыру» атты ақпараттық пойыз «Тараз» темір жол вокзалынан Жамбыл облысының аудандарына жол тартты.  Ақпараттық пойыз салтанатты түрде Жамбыл–Шу–Қашқантеңіз және Жамбыл–Жаңатас бағыттары бойынша жөнелтіліп, 25 станцияға аялдайтын болады. Continue reading Жамбыл облысында «Астана.Тәуелсіздік.Рухани жаңғыру» атты ақпараттық поезд аудандарға аттанды

Аймақ басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен жүздесті

Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесті.

Өздеріңізге белгілі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғалар ұсынылған болатын.

Республика бойынша бір мыңнан астам адам қатысып, бір жарым миллионға жуық дауыс берілді.

Жалпыұлттық онлайын дауыс беру арқылы Қазақстан 102 жаңа есімді анықтады. Continue reading Аймақ басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен жүздесті

Таразда Елбасы туралы кітаптардың авторларымен кездесу өтті

Таразда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне орай «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты көрме ұйымдастырылып, Елбасы туралы жазылған кітаптардың авторлармен кездесу өтті.

Continue reading Таразда Елбасы туралы кітаптардың авторларымен кездесу өтті

Жамбыл облысында «Үздік ұран» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жамбыл облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік ұран» байқауы өз мәресіне жетті. Кеше байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Таразда өтіп, оған қонақ ретінде елге танымал азаматтар қатысты.

Continue reading Жамбыл облысында «Үздік ұран» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Бақытжан Сағынтаев Таразға келген бойда өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады.
Премьер-Министр «Арай» шағын ауданының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысы мысалында өңірде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов құрылыстың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндады. Continue reading Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді